"Көк тудың желбірегені" эстафетасы
"Серпіліс" қоғамдық қорының жетекшісі, "Қызмет" баспасының бас редакторы Нарымбетова Бейсенкуль ханым бастаған "Көк тудың желбірегені" эстафетасы бүкіл елімізді ұлтжандылыққа бастаған берекелі жоба болды. Көрме Орталығы осы бастаманы қолға алып, барлық Мәдениет мекемелеріне жолдады. Елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулитын жобаны Әл-Фараби қалалық ғылыми әмбебап кітапханасы қуана қуаттайды.Барлық әріптестеріміз, Мәдениет мекемелері ары қарай жалғастырады деп сенеміз!
Көк ту — бүкіл азаттығымыздың айғағы. Көк туымыз көк аспанда қалықтап, еліміздің абыройы арта берсін!
#Әлфараби
#Көктудыңжелбірегені
#патриотизм