«Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы»
Кітапханамызда әлем ойшылы Әл-Фарабидің ғылыми-әдеби мұрасын зерттеп-зерделеп, насихаттау мақсатында өтіп жатқан «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты ғылыми-көпшілік конференцияда отандық фарабитанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосты.
Республикалық ғылыми конференция қатысушылары еліміздің түкпір-түкпірінен жиналуда. Атап айтқанда, Алматы қаласынан философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ жанындағы Фараби ғылыми зерттеу орталығының кеңесшісі Жақып Алтаев, Нұр-Сұлтан қаласынан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, машанитанушы ғалым Задаш Дүкенбаева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы қатысуда.
#Әлфарабимұрасы
#Өркениетқазынасы
#Конференция2022