Жаңалықтар

«Шығыс қыраны»

????️2022 жылдың 2 қарашасында Кітапхананың Мерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы «Қазақстан инженерлі—педагогикалық Халықтар Достығы» университетінде Қазақстан тарихында өз орны бар, республика экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметовтың туғанына —120 жыл толуына орай «Шығыс қыраны» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

????️Іс—шараға аталмыш жоғары оқу орнының тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Садықов Берік Қадірқұлұлы мырза, осы жоғары оқу орнының магистр— аға оқытушысы Алшынбеков Қазақбай мырза, сонымен қатар зейнеткер, тарихшы-өлкетанушы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы, Сейдалиев Қаппар Сейдалыұлы мырза қатысып, Ұлы тұлға Ж. Шаяхметовтың өмірбаяны мен еңбек жолындағы қызметтері жайлы айтып, тың деректермен бөлісті.

????️Ж. Шаяхметов көреген саясаткер, қазақтан шыққан бірінші басшы. Оның өз халқы үшін жасаған ерен еңбегі ұрпаққа өнеге. Кеш барысында "Қазақ тілі және әдебиет" факультетінің 2 курс студенті Архабаева Аружан М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқып, өз патриоттық сезімдерін көрсетті.

????️Жұмабай Шаяхметов Қазақстанды 16 жыл басқарды. Жау жағадан алған қилы кезеңде соғыстан қажыған елдің ауыртпалығын көтерген атпал да абзал азаматтың еңбегі әрдайым елеулі болмақ.

#Әлфараби

#ЖұмабайШаяхметов

#Адалбасшы