«Дәуірдің дара тұлғасы»
Кітапханамызда «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Дәуірдің дара тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.
Кеш қонақтары: Ордабасы ауданының құрметті азаматы, жазушы, журналист, аудармашы Захардин Қыстаубайұлы, М.Әуезов атындағы ОҚУ - нің «Мұхтартану» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек, ОҚМПУ – нің оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Амангелді Алтыбайұлы, Түркістан облыстық тарихи–өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Сания Еркінбекқызы.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің мәдениет және өнер факультетінің бір топ студенттері әдеби композиция орындады.
«Нұрсәт» өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті.