Жаңалықтар

Әбу Әли ибн Синаның өмірі мен ғылым жолынан ақпарат ұсынамыз

Құрметті оқырмандар!

Назарларыңызға кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынан «Қазақ Мемлекеттік» баспасында 1964 жылы жарық көрген «Орта Азия мен Қазақстанның ғалымдары. (IX-XIX ғасырлар) кітабынан белгілі ортағасырлық ғалым, пәлсапашы, астроном, фармацевт Әбу Әли ибн Синаның өмірі мен ғылым жолынан ақпарат ұсынамыз.

Әбу Әли Ибн Сина

Уақыт талай ұлы мемлекеттердің атын тарихтан өшіріп, ұмыттырды. Көптеген халықтар мен тайпаларды тітіренткен шапқыншылардың есімдері де із-түзсіз жоғалып кетті. Қаһарлы хандар мен шахтардың өздеріне ескерткіш ретінде орнатқан талай алып құрылыстары мен сәнді сарайлары да топыраққа айналды. Бірақ Орта Азияның ұлы перзенті, атақты ғалым Әбу Әли ибн Синаның есімі адамзат тарихынан, халықтар шежіресінен осы күнге дейін ұмытылмай, өзінің құрметті орнын алып келеді. Өйткені, оның бүкіл әлемге аян есімі мен еңбегі Орта Азия мен бүкіл Совет халқының ұлттық мақтанышы ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзінің ғылымы мен мәдениеті тарихына қосылған елеулі үлес. Сондықтан да 1952 жылы Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік Кеңесі орта ғасырлардың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның туғанына 1000 жыл толуын кең түрде атап өту жөнінде арнаулы қарар қабылдады. Осы қарарға сәйкес, дүние жүзінін көптеген елдерінде Ибн Синаның өмірі мен еңбегіне арналған ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді, мыңдаған адам қатыс- қан салтанатты жиналыстар мен жиындар болды. 1954 жылы Иран мемлекетінің астанасы - Тегеран қаласында Ибн Синаға арналған халықаралык конгресс шақырылды.

Ғылымға барар жолда

Әбу Әли әл-Құсайын ибн Абдаллах ибн әл-Хасан ибн Эли ибн Сина 980 жылы Бұқар қаласының маңайындағы Афшана деген жерде, тәжік семьясында туды. Оньщ әкесі өз заманының әрі ауқатты, әрі мәдениетті адамы болған. Саманидтер әулеті Нух ибн Мансурдың сарайында, Мусавфи диуанында (мемлекеттік қаржы басқармасында) қызмет атқарады. Ибн Сина бес жасқа толғанда, әкесі өз семьясымен сол кездегі феодалдық империяның астанасы - Будар қаласына көшіп келеді. Бұқар ол кезде шығыстың аса машызды мәдени орталықтарының бірі болатын. Мұнда көптеген мектептер, кітапханалар, ауруханалар болған. Кітап саудасы да барынша дамыған. Қалада көптеген білімді, мәдениетті адамдар, көзі ашық қызметкерлер, әдебиет пен өнер қайраткерлері тұрған. Орта Азияның және оған кершілес көптеген елдердің сол кездегі білім дуған адамдары алдымен осы Бұқарға келетін. Қөптеген ата-аналар өздерінің балаларын Бұқарда оқытуға тырысатын. Сондай ата-аналардың бірі - Ибн Синаның әкесі болған. Өзі сарай маңында қызметке орналасқан ол, баласы Құсайынды бастауыш мұсылман мектебіне оқуға береді. Кішкене Құсайын бес жасынан өзінің зеректігі және тапқырлығымен маңайындағының бәрін таңқалдырады. Бұларға келгенде ол бүкіл құранды жатда біледі екен. Ал, ол кездің адамдары дуранды еңбектеген кезінен бастап, еңкейген шағында әзер тауысатыны белгілі. Дарынды бала мектепке келісімен-ак өзінің дабілеттілігін бірден көрсетеді. Ол мұғалімдері үйреткен нәрсенің дандайын болса да бірден ұғып алып, өмірі ұмытпайды екен. Оның соншалыдты білімді болып өсуіне өз семьясындағы мәдениетті өмір де елеулі эсер етті. Оның үйіне Орта Азиядан, Таяу Шығыстан, тіпті сонау алыстағы араб елдері-Мысырдан (Египет) қонақтар келіп, әкесі солармен ұзақ түндер бойы түрліше ғылым-білім тақырыбында әңгіме шертіседі екен. Бұл әңгімелер көбінесе әр елдердің халықтарының тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, философиясы, архитектурасы, көркемөнері жайлы болатын, Ибн Сина осы әңгімелерді тыңдап қана қоймай, бәрін де жадына тоқып отырады.

Құсайын 10 жасқа келгенде, әкесі оны бастауыш мұсылман мектебінен алып, жекелеген мұғалімдерден окытады. Бұл мұғалімдер оған діни білімдермен бірге математиканы, физиканы, астрономияны, географияны, философияны, логиканы, заң ғылымын оқытады. Құсайын бала кезінің өзінде-ақ өз ой-пікірін дәлелдей білу үшін логика мен заң ғылымын білудің аса қажет екенін аңғарады. Бұл жөнінде ол былай деп жазады: «Заң ғылымы маған айтыс өнерін, ал логика дәлелдей және бекерге шығара білу өнерін үйретті».17:03 Ибн Синаның соңғы ұстазы Натили деген адам Бұқарға кейінірек келсе керек. Дегенмен, сол кездің ең ірі ғалымдарының бірі саналған. Ибн Синаның әкесі осы кісіні өз үйіне шақырып, баласына логика, философия, геометрия, тағы басқа пәндерден сабақ бергізеді. Ибн Сина геометрияны Эвклидтің теориясы бойынша, астрономияны Птолемейдің «Алмагестасы» бойынша оқиды. Ол оқудан, үйренуден, ізденуден ешбір жалықпай, күн-түн демей жұмыс істеп отыра беретін болған.

Ибн Сина ескі грек философиясымен, логика, физика, астрономия және тағы басқа ғылымдармен терең танысады. Сонан кейін медицинаны қолға алады. Аз уақыттың ішінде мұны да толық меңгереді. Ерте заманның ұлы дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің шығармалары,Шығыс ғалымдарының медицина туралы түрлі еңбектері оның қолынан түспейтін болады. Осылайша, медицинаны теория жүзінде меңгергеннен кейін медицинамен практика жүзінде айналысады, яғни маңайындағы ауырған адамдарды емдеу ісімен шұғылданады. Бұл жұмысты кө- бінесе тәжірибе алу үшін акысыз-пұлсыз жүргізеді. Ибн Синаның Бұқардағы балалық және жастық өмірі осылайша үнемі оқу, үйренумен өтеді. Білім қуған жас ұлан бір білімді бітіріп, екінші білімге ауыса береді. Сөйтіп жүріп сол заманныц бүкіл ғылымын өз бойына жинайды. Соның арқасында өз заманының ең білімді, ең оқымысты адамына айналады.

Осы кезде Бұқардың әмірі Нух ибн Мансур қатты ауырып қалады. Сарай маңайындағы дәрігерлер оған еш ем жасай алмайды. Сонсоң Ибн Синаны шақыртады. Жас дәрігер әмірді табан ас.тында жазып жібереді. Сонан кейін әмір Ибн Синаға көптеген сыйлықтар береді және сарай маңында кітапханадан кітап алып тұруға рұқсат етеді. Ибн Синаның айтуынша бұл сол замандағы ең бай кітапхана екен. Мұнда өзінің мазмұны және құндылығы жағынан дүние жүзінде өте сирек кездесетін кітаптар болыпты. Заманның ғалымдарының көпшілігі мұндай кітаптарды көрмек түгіл, өмірде ондай кітаптардың болуы мүмкін деп те ойламаған. Міне, Ибн Сина осы кітаптарды мұқият оқып, одан өзіне қажетті ғылым- білімдерді ала білген.

Жаугершілік күндердің бірінде Саманид сарайындағы бұл кітапхана мүлде жойылып кетеді. Оның ғылым үшін қажетті кейбір бағалы пікірлері ғана аса зейінді ғалымның жадында сақталып, қағазына түседі. Кейін оларды өзінің ғылыми жұмыстарында пайдаланады. 996 жылы Мамун ибн Мухаммед Солтүстік және Оңтүстік Хорезмді біріктіреді. Астанасы Үргеніш қаласы болады. Мамунға «хорезмшаһы» деген титул беріледі. Ол ғылым мен өнерді аса жоғары бағалайтын білімді және мәдениетті адам болады. Сондықтан да газна шахы Махмуд Ғазнауиден қуғын көрген сол заманның көптеген ғалымдары Хорезмге, Мамунның төңірегіне топталады 1000 жылы Ибн Сина Үргенішке келеді. Мұндағылар ғалымды зор қошеметпен қарсы алады.Осы кезде Хорезмде тарихта «Мамун академиясы» деп аталатын ғылыми орталык ашылған болатын. Сол кездегі Орта Азияның көптеген ғалымдары осында жұмыс істейтін. Ибн Сина осы академияға орналасады. Онда Орта Азияның сол кездегі атақты ғалымдары Әл-Фараби, Әл-Хорезми, Әл-Ферғанилердің еңбектерімен танысады. Ол, әсіресе 1010 жылдан «Мамун академиясын» басқарған атақты энциклопедист-ғалым Әл-Бирунимен өте жақын дос болады. Әл-Бируни Ибн Синаны ғалым ретінде аса жоғары бағалаған және қатты сыйлаған. Бұған олардың бір-біріне жазысқан хаттары куә. Бұл хаттар осы күнге дейін сақтаулы. Ибн Сина Хорезмде жүрген жылдары өзінің аса күрделі екі еңбегін жазған. Оның бірі - «Медицина ғылымының заңдары» («Канон»), екіншісі «Саулық сақтау кітабы» («Кітап аш-шифа») деп аталады. Бірінші кітапта дәрігерлік, емдеу мәселелері сөз болса, екінші кітап - физика, математика, астрономия, логика және басқа да қоғамдық ғылымдарға арналған. Міне, осы екі еңбек Әбу Әли ибн Синаның атағын бүкіл дүние жүзіне жаяды, оған өлмес даңқ әпереді.

Ибн Синаның жемісті ғылыми жұмысы 1017 жылы кенеттен тоқталып қалады. Өйткені, Ғазна шахы Махмуд Ғазнауи Хорезмнің ішкі ісіне араласып, оны басып алады. Осыған байланысты Хорезм ғалымдары қуғынға ұшыратылады. Соның бірі - Ибн Сина болатын. Ол сол жылы Хорезмнен қашып шығады. Ғалымның бұдан былайғы өмірі үнемі куғын үстінде өтеді. Махмуд Ғазнауиден қашып, бір князьдіктен екінші бір князьдікке барады. Өмірдің ауыр азабын шегіп, тұрмыстың, жоқшылыктың тауқыметін тартады. Емшілік жасау жолымен ғана күн көреді. Кейде өзінің ғалымдық таланты мен дәрігерлік дарынын бағалаған достарына барып паналайды. Ғалымның басына өлім қаупі төнген жағдайлар да болады. Бірақ осының бәріне қарамастан ол өзінің ғылыми жұмыстарын жүргізе береді.

Ибн Сина өзінің 20 жылға созылған қуғын-сүргін өмірі ішінде үлкенді-кішілі жүзден астам ғылыми еңбек жазады. Бірақ, өкініштісі сол, олардың көпшілігі біздің заманымызға жетпей жоғалған. Соның ішінде «Әділеттік кітабы» («Кітап Әл-Инсаф») деп аталатын 20 томдық философиялық шығармасы да жоғалып кеткен. 20 жыл бойы қуғында жүріп, жоқшылық пен таршылықтың зардабын тартқан ғалымның денсаулығы барған сайын нашарлап, әл-қуаты кемиді. Ақырында, Орта Азияның даңқты перзенті, «ғалымдар атасы» аталған атақты оқымысты, асқан дәрігер 1037 жылы маусым айында шет елдерде жүріп қайтыс болады. Денесі Иранның Хамадан деген қаласының маңына жерленеді. Өлер ал- дында өзінің бар дүние-мүлкін кедейлер мен қайыршыларға таратып береді. Өліп бара жатып өзінің мынадай бәйітін оқиды:

Бәріміз де арпалысып, алысамыз, өлеміз,

Сан білместік, ағаттықты тек өлерде сеземіз.

Бұл ғалымның соқғы сөзі еді.

Гиппократпен қатар тұр...

Ибн Сина жан-жақты ғалым болған. Ол физика, математика, астрономия, химия, философия, логика, медицина туралы аса көлемді еңбектер жазып, аса бағалы жаңалықтар айтқан. Сонымен бірге мемлекет басқару, ел билеу, әскери іс, ғылймдарды саралау, музыка, семья және неке жайында да толып жатқан жаңа пікірлер айтқан. Ең ақыры ол поэзиямеи де шұғылданып, өз артына өлмес өлеңдер қалдырған. Оның араб тілінде жазған өлеңдері мен тәжік тілінде жазған рубаяттары (төрт жолдық өлеңдері) біздің заманымызға дейін жеткеи. Ғылым тарихында Ибн Синаның еңбектері аса жоғары бағаланады. Мәселен, оның есімі медицинада ежелгі заманның ұлы дәрігерлері Гиппократ және Галенмен, ал философияда ескі гректің атақты ойшылы Аристотельмен катар тұрады. Ибн Сина осындай жан-жақты ғалым болғанымен, ол сол ғылымдардың ішінен, әсіресе, медицинаны жақсы білген, соған баса көңіл аударған. Сол заманның ғылым дәрежесінің төмендігіне және аспаптардың жоқтығына қарамастан, ол медицинада аса бағалы пікірлер айтып, көптеген жаңалықтар ашқан. Оның сол кезде медицинада, әсіресе адам анатомиясы жөнінде айтқан кейбір батыл болжамдары мен озат ой-пікірлері арада жүздеген жылдар өткен соң, ғылым мең техниканың өсуіне байланысты тәжірибеде дәлелденіп, жүзеге асқан.

Бұған, ең злдымен, микроскоп, телескоп сияқты аспаптардың шығуы, биологиялық химия, экспериментальдық физиология секілді ғылымдардың тууы мүмкіндік берді. Мәселен, ол сол кездің өзінде-ақ көздің бұлшык еттерінің қасиетін ашқан. Адамның көз қарашығының торлы болып келетінін айтқан. Бұл болжамдар ғылымда, микроскоптың шығуына байланысты, тек кейінгі кезде ғана дәлелденді.

Ал оның кейбір дәрі шөптер туралы берген мәліметтері осы күнге дейін ғылымдық мәнін жойған жоқ. Бұл, әсіресе, халықтық медицинаға аса үлкен көціл бөліп отырған біздің елімізде аса жоғары бағаланады. Сол сияқты менингит, апоплекция, асказан ауруы, плеврит жөнінде алғаш пікір айтып, тұңғыш мәліметтер берген де Ибн Сина болатын. Кейбір мәліметтерге карағанда, сол кездегі діншілдердің қатты тыйым салуына қарамастан, Ибн Сина адамға операция да жасаған екен. Әрине, ол мұны өте құпия түрде жүргізген. Микроскоп шықпастан көп жыл бұрын-ақ, Ибн Сина суда микробтар болатынын айтқан. Соның үшін де ол суды қайнатып ішуге кеңес берген. Сол сияқты туберкулездің жуқпалы ауру екенін алғаш ашқан және көптеген аурулардың ауа және қайнамаған су аркылы тарайтынын да алғаш айткан Ибн Сина.

«Канон» -медицина энциклопедиясы

Ибн Синаның медицина саласындағы ең күрделі еңбегі - «Медицина ғылымының заңдары» («Канон») дедік. Бұл еңбегін ол 1010 жылы бастап, 1020 жылы аяқтаган. «Канон» сол кездің ғылым тілі - араб тілінде жазылган. Медициналық ілімдердің нағыз энциклопедиясы деп танылған бұл еңбек сол кездегі медициналық білімдердің екшелеп, сараланған және бір жүйеге келтірілген анықтамасы дерлік. Логика мағынасының анықтығы және ұғымының дәлдігі жағынан да медицина ғылымының бүкіл орта ғасырлық тарихында буран тең келетін әдебиет, ғылыми еңбек жоқ десе болады. «Канон» ерте кездің өзінде-ақ латын тіліне аударылып, әуелде Италияға, Испанияға, сонансоң бүкіл Европаға қолжазба күйінде таралады.

XIII ғасырдан бастап Евро- паның барлық дәрігерлерінің қолынан түспейтін кітабына айналады. Әсіресе, XV-XVII ғасырларда, жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты «Канонның» манызы арта түседі. Кітап басу ісі жолға қойылысымен-ақ, «Канон» да бірнеше рет кітап болып басылып шығады. Мәселен, Ибн Синаның «Каноны» діншілдердің атақты кітабы «Библия» (Зәурәтгіен) бірдей басылып тұрыпты. XVIII ғасырға дейін «Канон» жоғары оқу орындарында оқу құралы ретінде пайдаланылды.

Біздің елімізде бұл кітап орыс және өзбек тілдеріне аударылып, басылып шықты. Сөйтіп Ибн Сина еңбегі арада он ғасыр өткенде, өз Отанында тұңғыш рет жарық көрді. Мұның өзі біздің елімізде Отандық ғылым қазынасына қаншалықты мән берілетінін көрсетеді.

Аристотельдің жолын қуған

Ибн Синаның философиялық еңбектері қайшылықтарға толы. Ол өзінің табиғатқа, қоғамға көзқарасында идеалистік бағыт ұстаған. Сонымен бірге оның ілімінде материализмнің

де көптеген элементтері бар. Ол бір жағынан Аристотельдің жолын куып, соның ілімін дамытса, екінші жағынан Платонның және баска да идеалистердің көзқарастарын мақұлдайды. Сол сияқты, ол бірде философия мен дінді келістіруге тырысса, екіншіде материяның мәңгі екенін айтады. Мұның өзі сол кездегі діншілдердің дүниенің жаратылуы туралы түсінігіне мүлдем қарама-қайшы келетіні мәлім. Сондай-ақ, Ибн Сина табиғатта себепті заңдылықтың барлығын аитады. Бұл да «бәрі тәңірдің әмірімен» деген діншілдердің кертартпа теориясына қарама-қарсы келеді. Соның үшін де діншілдер Ибн Синаны «құдайдан безген», «қауіпті адам» деп санап, ұзақ жылдар бойы қуғынға ұшыратты.

Ибн Синаның әлеуметтік-саяси және философиялық көзқарасының қалыптасуына, бір жағынан, сол кездегі қоғамдық қайшылықтардың барынша шиеленісе түсуі елеулі ықпал етсе, екінші жағынан, сол заманның алдыңғы қатарлы, озат ойлы ғалымдарының көзқарастары да үлкен әсер еткен. Ол философиялық еңбектерінде ақыл- құдіретті күшіне кәміл сенеді, кандай бедел болса да сын көзімен карайды, адамзат қоғамының әділетт, яміп СУОҮІН арман етеді.

Ибн Сина «Кітап аш-шифа» атты философиялық еңбегінде қоғамдағы адамдардың:

1) басқарушылар,

2) кызметшілер;

3) жауынгерлер сияқты үш топқа бөлінуін қажетті және дұрыс деп табады. Оньң ойынша әділетті елде бірігіп жасалған белгілі бір зан, көпшіктің мүддесіне сай тәртіп болуы кажет. Бұл заң. Тәртіп бойынша жоғарыда отырғандарға (яғни басшыларға төмендегілер, үлкендерге кішілер бағынуға тиіс. Ғалымның ойынша адамдар арасында абсолюттік теңдік бақытта болмақ емес. Олар тек белгілі бір заңдар алдында ғана тең праволы болуы мүмкін.

Гуманист - ғалым

Ибн Сина - ұлы гуманист. Мәселен, ол сол кезден кейбір қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың жұмысқа жарамайтын жарымжан адамдарды, қайыршыларды жойып жіберу керек деген адамзатқа қарсы ниеттеріне қарсы шыққан Егер коғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы енбек етсе ғана адамдарды асырау мемлекет үшін аса қиынға түспейтінін Ибн Сина анық айтқан. Ғалымның ойынша дұрыс ұйымдастырылған және әділетті кұрылған қоғамда (мемлекетте) пайдалы еңбекпен шұғылданбаған өзінің орнын таппаған бірде-бір адам болмауға тиіс Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен шұғылдануын талап еткен. Ал заң шығарушы орындардан пайдалы еңбекпен, қызметпен шұғылданбаған адамдарды, жатып ішер арам тамақтарды қатты жазалауды талап еткен. Оның ойынша мемлекетте «жалпы адамзатқа ар- налған» арнаулы қаржы (қор) болуға тиіс. Бұл қаржы халық арасынан жиналатын алым-салықтан, мемлекеттік меншіктерден, мекемелерден түсетін өнімнен жиналуы керек. Бұл қаржылар жұмысқа жарамайтын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы, тәртіп сақтаушы жауынгерлерге жалақы ретінде төленуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда мемлекеттік қор «жалпы халық игілігіне» жұмсалуға тиіс.

Еңбек пен әділеттіліктің жалынды жаршысы болған Ибн Сина өз заманында осындай батыл да, дұрыс пікірлер айтқан. Тіпті ол әділетсіз үкіметке қарсы халық көтерілісінің болуын заңды және қажет деп тапқан,

Орта ғасырлардың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Сина табиғат пен қоғам құбылыстарының өз замандастарына белгісіз көптеген кұпияларын ашты, адамның ақыл-ойын фанатизм мен жоққа сенушіліктен құтқаруға тырысты, табиғатты танып, оны адамзатқа қызмет еттіруге ұмтылды. Соның үшін де адамзат қоғамы Орта Азияның асқан ғалымы, ұлы ойшылы, тамаша табиғат танушысы Ибн Синаның есімін ғасырлар бойы құрметтеп келеді.

Нәжім МЕҢҚҮЛОВ

#Әлфараби

#Ғылымбілім