Жаңалықтар

Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы өмірі мен ғылым жолынан ақпарат ұсынамыз

Құрметті оқырмандар!????????????

Кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынан «Қазақ Мемлекеттік» баспасында 1964 жылы жарық көрген «Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. (IX – XIX ғасырлар)» кітабынан ортағасырлық шығыс ғалымы астроном, математик, Ұлықбектің Самарқандағы астрономиялық мектебінің өкілі Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы өмірі мен ғылым жолынан ақпарат ұсынамыз.

Әл-Құсшы

Әл-Құсшы кім?

Атақты астроном және ғылым қамқоршысы Ұлықбектің ең жақын серіктерінің бірі әл-Құсшы туралы ғылым тарихында осы кезге дейін санаулы ғана материалдар болды. Олар: Н. Зутердің «Араб математиктері мен астрономдары және олардың шығармалары» (неміс тілінде), Т. Н. Қары-Ниязовтың «Ұлықбектің астрономиялық мектебі» (орыс тілінде), В. В. Бартольдтың «А. Жәмидің өмірі мен творчествосы» (орыс тілінде) деген еңбектері және басқалар. Алайда, Тәжікстанның жас математик-тарихшысы К. Сабировтың әл-Құсшы туралы кейінгі зерттеулері оның өмірі мен ғылыми еңбектері жөнінде бірсыпыра қосымша мағлұматтар беріп отыр. Сабировтың әл-Құсшы туралы зерттеулері «Әл-Құсшының өмірі мен творчествосы» деген атпен 1962 жылы тәжік тілінде шығатын «Магриф уа маданият» газетінде, «Әл-Құсшының бүтін сандарды көбейтуі және бөлуі» деген тақырыппен «Ученые записки госпединститута им. Шевченко» (Душанбе, 1963, январь) журналында орыс тілінде, «Әл-Құсшыдағы оң және теріс сандар ұғымы» деген атпен «Историко - математическое исследования» жинағының 15-номерінде басылып шыкты.

Әли ибн Мухаммед Алаеддин әл-Құсшы XV ғасырдың бас кезінде Самарқан қаласында туған. Әл-Құсшының Орта Азияның қай халқының өкілі екендігін айырып айту қиын. Бұл тұрғыда бірнеше жорамал бар. Оның біріншісі: профессор Қары-Ниязов және баскалардың деректеріне сүйенеді. Олар әл-Құсшының әкесі молда Әли Ұлықбектің құсбегілерінің басшысы болған, сондықтан да оған «Құсшы» деген ныспы берілген дегенді негізге алады. Екінші жорамал Алаеддин өте зерек, алғыр болғандықтан құспен теңестірілген, «әл-Құсшы» ныспысы содан шыққан дегенді куаттайды.

Біздің ойымызша екінші жорамалдың кисыны келмейді, оның үстіне басқа бір мағлұматтар бойынша әл-Құсшының өзі де кұс салумен айналысқан сияқты. Қалай болғанда да, әл-Құсшы ныспысы «құс» деген түркі сөзімен тікелей байланысты. Ал құс салушылық сол тұста және кейін де көшпелі түркі халықтары арасында кеңінен жайылған өнер болғаны мәлім. Сондықтан да, әл- Құсшының әкесі немесе атасы көшпелі дала түркі тайпаларының бірінен (мәселен, қазақ руларының бірінен) шығуы өте ықтимал. Рас, әл-Құсшы еңбектерінің бірсыпырасын арабша, кейбірін тәжік (парсы) тілінде жазған. Бұған қарап оны тәжік деп қараушылар да бар (жоға рыда айтылған К. Сабиров). Бұл негізгі дәлел бола алмайды, өйткені араб, парсы (тәжік) тілдері ол тұста мұсылман елдері үшін ортақ ғылыми және әдеби тіл бо- лып саналатын. Мұнын үстіне оның түркі тілін білгенді- гін көрсететін фактілер де бар. Мәселен, әл-Құсшы Түр- кияда бірнеше жыл Ұлықбектің елшісі болып тұрған және Ұлықбек өлгеннен кейін Азербайжанға, кейіннен Түркия- ға коныс аударуы кездейсоқ емес болу керек.

Айта кетерлік бір жәйт: бұл айтылғандар принципиалды мәселелер емес, әл-Құсшы орта ғасырлардағы бір тұтас Орта Азия мәдениеті мен ғылымының өкілі болды, сондықтан да тек қана Орта Азияны мекендеген халық- тар үшін ғана емес Кеңес Одағына біріккен барлық халықтар үшін ортақ деп қарастырылған жөн.

Әл-Құсшы алғашқы білімді әкесінен алады, математиканы сол кездегі аса ірі математиктер Қазы-Заде Руми және Жәмшид әл-Кәшилерден үйренеді, ал астрономия жөнінен Ұлықбектің өзі ұстаздық етеді. Әл-Құсшы жасынан-ақ жаратылыс тану ғылымдарына кұштар болады. Ұлықбектің маңындағы ірі ғалымдармен үнемі байланыста болуы оның бұл кұштарлығын онан сайын арттыра түседі. Мәселен, Ұлықбек әр апта сайын барлық оқымыстыларды сарайға жинап, ғылыми тақырыпта айтыс, әңгімелер өткізіп тұрады екен. Жас әл-Құсшы міне осы жиындардың бәріне қатысып, үлгі тәлім-тәрбие алып отырған көрінеді.

Әл-Құсшы Самарканда Ұлықбек орнатқан медресеніц шәкірті болады, оны бітіргеннен кейін өзі осы медреседе сабақ беріп, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол осылай қысқа мерзім ішінде өз заманының көрнекті оқымыстыларының қатарына қосылады. Әл-Құсшы ғылыми білімі жөнінен сол тұстағы алдыңғы қатарлы білімпаздармен теңдесіп қана қоймай, кейбір салада олардан асып та түседі. Мәселен, математикалық есептеулерді әрі тез, дәл жүргізу тұрғысында ол қатарындағы оқымыстылардан көп озық тұрған. Сондықтан да Самарқан обсерваториясында кейіннен жүргізілген зерттеулердің барлық математикалық есептеу жұмыстары осы әл-Құсшының қолынан өтіп отырған.

Әл-Құсшы өз ұстаздарымен бірлесіп Ұлықбек обсерваториясының жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асыруға кеңінен ат салысады, осы кездерде ол математика, астрономия жөнінен бірсыпыра еңбектер жазып тастайды.

Әл-Құсшының ғалымдығының шыңдалуына оның Орта Азия, Закавказья және Түркияның көптеген мәдениетті қалаларын аралап, ондағы ғұлама-оқымыстыларымен өткізген ғылыми әңгімелерінің көп пайдасы тиеді. Мәселен, Ғират қаласына барғанда әл-Құсшы Ғираттың оқы- мыстылары арқылы кейіннен ұлы ақын болып танылған аса талантты шәкірт Абдрахман Жәмимен танысады. Әл - Құсшы Абдрахманға алгебра, геометрия жайлы көптеген сауалдар қойып, одан өте жақсы жауаптар алады. Бұған қарағанда Жәми және оның замандастары математикалық білімдерге үлкен ынта қойғанын және оны жақсы меңгергенін байқауға болады.

Саяхат сапарынан қайтып оралғаннан кейін әл-Құсшы бірыңғай ғылыми жұмыстарға беріліп көптеген еңбектер жазады. Осы тұста жазылған «Арифметика туралы трактат», «Астрономия туралы трактат» деп аталатын еңбектері арқасында ол Самарқанның математикалык мектебінің оқымыстылары арасында үлкен беделге ие болады. Оған «Өз заманының Птолемейі» деген лакай ат беріледі. Ұлыкбек әл-Құсшыны өте жақсы көріп, балам деп атаған және үнемі онымен кеңесіп, зерттеу жұмыстарын бірге жүргізетін болған. Әл-Құсшының астрономиялык трактатымен тереңірек танысу бұл еңбекті ол обсерваторияның аға ғалымдары Қазы-Заде Руми, әл - Кәшилер қайтыс болғаннан кейін, жаңа астрономиялық бақылаулар негізінде жазғандығын айқындап отыр.

XV ғасырдың бірінші жартысының аяғында Ұлықбек обсерваториясының маңына топтасқан ғалымдар, әсіресе, әл-Кәши, Қазы-Заде Руми, әл-Құсшылар еңбектерінде Орта Азия ғылымының көп салалары барынша дамытылады. Осымен қатар бұл ғалымдар мен мұсылман дін басылары арасындағы қайшылық күшейе береді. Осы кайшылық асқына келіп, 1449 жылы Ұлықбектің діншіл фанатиктердің қолынан қаза табуына әкеліп соқтырады.

Ұлықбек өлгеннен кейін...

Билікті қолдарына алғаннан кейін діншілдер баска оқымыстылардың өнімді жұмыс жүргізуіне үлкен кедергілер жасайды. Обсерваторияда әл-Құсшыдан баска оқымыстылардың барлығы тарап кетеді. Ал Ұлықбек мектебінің негізгі коллективтік жұмысы - Жаңа астрономиялык таблицалары («Зидж Гургани») әлі аяқталған жоқ болатын. Әл-Құсшы мұны аяқтап шығу үшін көп әрекеттер жасайды, ол өзінің маңына жас талаптарды жиып, астрономиялық бақылаулар жүргізе береді. Әл-Құсшы- ның ғылыми зерттеулеріне мұсылман дін басылары тікелей карсы болып, оны өлтірмекші болады. Әл-Құсшы бұл қастандық туралы дер кезінде хабарланып, Стамбулға кетіп калады (XV ғасырдың 55-60 жылдары шамасында). Өзімен бірге әл-Құсшы өзінің және ұстаздарының еңбектерін және түрлі шағын астрономиялық аспап-кұралдарды ала кетеді. Стамбулға келгеннен кейін ол ғылыми жұмысын жалғастыра беру үшін мүмкіндік іздейді. Әл-Құсшының баска жаққа кетпей, Стамбулға барған себебін тарихшылар оның Стамбулда, Ұлықбектің тірі кезінде елші болып тұрып, біраз таныс болып қалғанды- ғынан және сол тұстағы Түркияның билеушілерінің жаратылыстану ғылымдарына аз да болса ықылас, назар аударғандығынан деп түсіндіріп жүр.

Әл-Құсшы «Мұхаммедия» трактатының кіріспесінде былай деп жазады: «...Мен аз уақыттың ішінде арифметика жөнінде қысқаша трактат жаздым. Егер бұл еңбек сұлтанға ұнаса және ол тиісті жағдай туғызса, онда мен оган арифметика туралы толық курс жазып беремін».

Осы тұста әл-Құсшы біраз уақыт Азербайжанға барып кайтады. Мұнда әл-Құсшыны жергілікті ғалымдар көрнекті оқымысты ретінде зор қошеметпен қарсы алады. Азербайжаннан қайтып келгеннен кейін, көп ұзамай әл- Құсшы жоғарыда айтылған «Мұхаммедияны» жазып бітіреді. Атынан көрініп тұрғандай, бұл трактат түрік султаны Мухаммед Екіншіге арналады. Еңбек сұлтанға ұнайды, сондықтан Мухаммед II әл-Қусшыға айына 200 дирхем кесімді айлық тағайындайды. Әл-Құсшы Айя- Со - фия медрессесіне математика, астрономия және баска ғылым салаларынан дәріс (лекция) оқитын болады. Ғылыми жұмыспен айналысуына толық жағдай туғаннан кейін әл-Құсшы Ұлықбек обсерваториясында жасалған «Жаңа астрономиялық таблицалардың» кейбір аякталмай қалған жерлерін бітіреді. Ол бұл еңбекке жүйелі түрде түсініктеме жазады. Бұл түсініктемелер Ұлықбек обсерваториясының зерттеу нәтижелерін насихаттап, таратуда үлкен роль аткарды. Осының арқасында Ұлықбек таблицалары қысқа мерзім ішінде Азия және Европа елдеріне тарап кетеді.

Әл-Құсшы ғылыми-зерттеу жұмыстарынан басқа, жастарды ғылыми жұмыстарға баулу ісімен де көп айналысқан ғалым. Ол төңірегіне ғылымға бейім көптеген талантты жастарды топтастырып әрқашан оларға ақыл-кеңес беріп отырған. Әл-Құсшының шәкірттерінің ішінен Руани, Қазы-Заде Румидің немересі - Мерием Челеби, Бирджанди сияқты математика мен астрономия салаларында еңбектер жазып көзге түскен бірсыпыра окымыс- тылар шығады.

Әл-Құсшы хиджраның 879 жылы немесе біздің жыл санауымыз бойынша 1474 жылы Стамбулда қайтыс болады.

Әл-Құсшының ғылыми еңбектері

Әл-Құсшы математика, астрономия, логика, әдебиет және ғылымның басқа да салалары жөнінде бірсыпыра еңбектер жазған автор. Оның еңбектерінің біз білетін тізімі әлі толық емес, алайда қазір ол анықталып, зерттеліп жатыр. Бүгінгі таңда бізге әл-Құсшының 14 еңбегі ғана мәлім. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

1. «Есеп жөнінде трактат» («Рисала фи Хисаб»), Парсы тілінде жазылған бұл еңбек үш кітаптан түрады. Бірінші кітабы-үнділердің арифметикасына, екінші кітабы астрономдар арифметикасына (алпыстық санау системасы), үшінші кітабы - фигураларды өлшеуге, яғни геометрияға арналған. Бұл трактаттың қолжазбасы Өзбек Ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақтаулы.

2. «Ұлықбек таблицаларына түсініктемелер» («Шарх зидж Гургани»), Бұл еңбек төрт кітаптан тұрады.

3. «Трактат әл-Мұхаммедия» («Рисала әл Мұхам- медия»), Бұл еңбек сол тұстағы арифметика жөнінде жазылған көрнекті еңбектердің бірінен саналады. Ол бес кітаптан тұрады. Автордың өз қолымен жазған қол жазбасы Стамбулдың Айя-София кітапханасында сайта улы.

4. «Жеке нәрселер туралы трактат» («Рисала алмуф- рад»), Бұл трактат араб тілінде жазылған. Мұнда әрбір заттың немесе сөздіц ғылыми анықтамасы беріледі.

5. «Трактат о логике» («Рисала мантиқ»),

6. «Астрономия жөнінде» деген трактаты сол тұстағы астрономия туралы жазылған көрнекті еңбектердің бірі.

Трактатта аспан денелері, олардың ара қашықтықтары жайлы айтылады. Кітап Самарқан обсерваториясында жүргізілген бақылаулар негізінде жазылған болу керек. Сондықтан да од XV ғасырдағы астрономияныд даму дәрежесін байқауға мүмкіндік береді. Мүнымен қатар бұл трактат астрономия жөніндегі оқулық ролін атқарған. Бұл туралы әл-Құсшының шәкірттерінің бірі - Абулқадыр ибн Хасан Руани былай деп жазады: «...Мен Шамсуддин, Қәши, Хусейни Шахи Симнани, Насири Ширази және Әлишахилардың көп астрономиялық еңбектерін оқыдым. Әл-Құсшының трактатын оқығаннан кейін барып, маған анық емес нәрселер анық бола бастады».

Әл-Құсшының жоғарыда айтылған еңбектерінің көбісі әлі зерттелінген жоқ. Зерттелінгендері ішінен «Ұлықбек таблицаларына түсініктеме» және «Мұхаммедия» трактатын атап айтуға болады. Әл-Құсшыныд бірінші едбегінде астрономия тарихында қандай роль атқарғанын жоғарыда айттық. Әл-Құсшының ізімен оның шәкірттері Мерием Челеби және Бирджанди Ұлықбек таблицаларына қайтадан өздерінше түсініктемелер жазады.

«Мұхаммедия» трактаты әл-Кәшидід «Арифметикаға кілт» атты әйгілі едбегіне ұқсас түрде жазылған. Алайда, мұндағы негізгі бір өзгешелік - әл-Құсшы од және теріс сандар ұғымын енгізеді. Ол оң сандарды «мұсбат», те- ріс сандарды «манфи» деп атайды. Бұл ұғымдар осындай анық күйінде әл-Құсшыға дейін мұсылман елдері математиктерінде кездескен емес. Оң сан және теріс сан терминдері Европада алғаш XVI ғасырда неміс коссистерін- де (алгебраистерінде), сонан кейін бұл терминдер Франсуа Виета, Джон Валлис еңбектерінде кездеседі, кейіннен жалпы қолданылып кетеді. Әл-Құсшыға бұл тұрғыда ертедегі қытай математикасы эсер етті деп топшылаушылар бар, өйткені, теріс сандар Қытай математиктеріне біздің заманымызға дейінгі I ғасырдың өзінде-ақ мәлім болған.

Әл-Құсшы және Үлықбек кітапханасы

Тарихи деректердің көрсетуі бойынша Ақсақ Темір Кіші Азияға жасаған жорықтарының бірінде Брусса қаласындағы өте бір ескі де бай кітапханаға тап болады. Аса катал, рахымсыз қолбасшы бұл жолы неге екенін кім білсін, бұл кітапхананы өртетпей, ондағы барлық қолжазбаны қаттатып, арнаулы керуен арқылы алыс жатқан Самарқанға жөнелтеді. Брусса қаласы заманында аса бай кітапханасы болған ежелгі Пергам қаласының маңына орналасқан. Ал Пергам қаласында көптеген грек математиктері жұмыс істеген, мұнда Архимедтің замандасы атақты Аполлоний өмір сүрген, математиктер Филон Эфесский, Евдем; философтар Антигон және Неанфтар осында қызмет атқарған. Егер Брусса кітапханасында Пергам кітаптары да болды деп есептесек, онда Самарқанға Ақсақ Темір қандай бағалы мұралар алып келгені өзінен-өзі түсінікті болады. Бұл кітапхананың кітаптары кейіннен Ұлықбек мектебінің қарамағына көшеді. Ұлықбек өлгеннен кейін кітапхананың тағдыры не болғаны белгісіз. Мемлекетке астыртын түрде билік жүргізуді қолға алған, ғылым мен өнердіц қас жауы болған діншіл, надан Хожа Ахрар бұл асыл мұраларды құртқызып жіберді ме, жок бір себептермен олар аман қалды ма? Ол жағы әлі айқын емес.

Халық аңызына құлақ ассақ, кітаптар аман сақталынып қалған сияқты. Оны сақтаушы Ұлықбектің сөнімді с.ерігі болған әл-Құсшы. Әңгіме былай: Ұлықбек өлтірілгеннен кейін Стамбулға әл-Құсшы бірден қетпей, Са- марқан маңында Хазрет Башир деп аталатын қыстақты біраз паналап жүрген. Мұнда кішірек обсерватория болтан сияқты. Міне, осы обсерваторияда әл-Құсшы біраз бақылау жұмыстарын жүргізді деуге де негіз бар. Халық аңызы - әл-Құсшы Самарқаннан құр қол кеткен жок, ол есебін тауып, Ұлықбек кітапханасын өзімен бірге ала кетті деп көрсетеді. Әл-Құсшы құсбегі ретінде Самарқанның маңындағы аймақты жақсы білген болу керек, сондықтан да Хазрет Башир қыстағының қасындағы Нияз төбенің үңгіріне Ұлықбек кітапханасының асыл мұраларын көміп кеткен деген дерек, сірә, бос сөз болмаса керек. Оның үстіне, әл-Құсшының Азербайжанға, сонан кейін Түркияға кетер алдында Самарқан сыртын- да біраз тұрғаны анық. Сол маңда «Құсшы» деп аталатын қыстақ әлі бар көрінеді.

Міне, осындай шындыққа жуық келетін деректерге сүйеніп, бірсыпыра тарихшылар, археологтар және баска да ғылым жанашырлары Нияз төбені қазып, кітапхананы іздеу мәселесін жиі қозғап жүр. Бұл туралы 1962 жылы Өзбекстанның орталық және облыстық газеттері көп мәселе көтерді («Тайна холма Ниязтепе», «Где же скрыта библиотека Улугбека» және басқа мақалалар). «Ниязтөбенің» сырын ашуга арналған экспедидиялар ұйымдастыру мәеелесі қазір қызу қолға алынып жатыр. Соның бірін жуырда Өзбек Ғылым академиясының Тарих және археология институты ұйымдастырып отыр. Бұл экспедиция 1963 жылдың екінші жартысында «Ниязтөбеде» Ұлықбек кітапханасын іздеумен тікелей шұғылдануға тиіс болатын. Егер сәті түсіп, Ұлықбек кітапханасы табыла қалған күнде, мұның ғылым мен мәдениет тарихын зерттеуде үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Ауданбек КӨБЕСОВ

#Әлфараби

#Әлқұсшы