“КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ”
“КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ” 
Шырайлы шаһарымызда Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» атты патриоттар форумы өтіп жатыр. Жастардың бойындағы патриоттық сезімді арттыруға сеп болар осы бір абыройлы іске бас болып жүрген Нарымбетова Бейсенкуль ханымға алғыс білдіре отырып, абырой биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз!
Көк туымызды көргенде толқымайтын адам жоқ. Көк ту – бүкіл ұлтымыздың азаттығының айғағы. Көк туымыздың көк аспанда қалықтауы – еліміздің айбынының артуы. Аспан астында теңіздей толқитын туымыздан біздің асқақ та азат рухымыз, биік мақсаттарға ұмтылған өр болмысымыз танылады.
Көк туымыздың аспан төрінде мәңгі желбіреуі жолында атқарылып жатқан осынау игі істің жемісті боларына сеніміміз мол. Елі үшін туған ерлер мен қайтпас-қайсар қыздары бар да қазақ елінің көк туы көгімізде желбірей бермек.
#Әлфараби
#патриоттарфорумы
#көктудыңжелбірегені