Жаңалықтар

«Мәдениет саласының үздігі»

⚜Тұңғыш рет аталып өткен «24 қазан – Кітапханашылар күніне» орай еліміздің бас қаласында Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары, ұзақ жыл кітапхана саласында жұмыс істеген кәсіби маман Гүлмира Батырбайқызы ҚР Мәдениет және Спорт Министрі Дәурен Абаевтың қолынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

⚜Бұл күні кітапхана қызметкерлерінің мәртебесі көтеріліп, қызыл кілем үстінде қошеметке бөленді. Кітапханашыларды марапаттау кешінде ҚР Сенат депутаты, «AIQYN» республикалық газетінің бас редакторы, ҚР Журналисттер Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп, ҚР Мәжіліс депутаттары Мақпал Тәжмағамбетова, Жұлдыз Сүлейменова арнайы келіп құттықтады.

⚜Саналы ғұмырын кітапхана жұмысының өркендеуіне арнап келе жатқан кәсіби маман, мәдениет майталманы Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақыттағы істеріңіздің табысты болуына тілектестік білдіре отырып, сізге қажымас мол қайрат, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

#Әлфараби

#Мәдениет

#Үздік