"KitapTime" республикалық кітап мерекесі өтті
ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен республика бойынша 23 қыркүйек күні "KitapTime" фестивалі алғаш рет жарияланып отыр.
Аталмыш фестиваль аясында әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "KitapTime" республикалық кітап мерекесі өтті.
Мерекенің салтанатты ашылуы кітапхана директоры, ф.ғ.к Анар Абусайылқызы Жаппарқұлованың алғы сөзімен бастау алды. Кітапхана қызметкерлері әдеби композиция орындап, театр әртістері Абай мен Әл-Фарабидің монологтарын оқыды.
Фестивальге келген қонақтар арасында әдеби лото ұйымдастырылып, кітаптар сыйға тартылды. Кітапхананың 2-ші қабаттағы фойесінде "Библио-кафе" қонақтар назарына ұсынылды.
#Әлфараби
#KITAPTIME