Жаңалықтар

"Тәубе" кітабының таныстырылымы өтті

????"KITAPTIME" фестивалі аясында:

????Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, ұстаз Абай Қалшабек оқырмандармен кездесіп, "Тәубе" кітабының таныстырылымы өтті.

????Іс-шараға өңірімізден шыққан Республикадағы бірегей фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, кітапхана директоры Анар Жаппаркулова және "АЛҚА" әдеби бірлестігінің мүшелері қатысты.

????Шара барысында ОҚМПУ студенттері ақын өлеңдерінен жасалған әдеби композиция оқып, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

????Кеш модераторы - Ешімов Тұрсынбай.

#Әлфараби

#KITAPTIME