"Тұлға рухына тағзым"
"KITAPTIME" фестивалінің қорытынды бөлімінде:
Мемлекет және қоғам қайраткері ақын, ғалым, мемуаршы Асанбай Асқаровтың туғанына 100 толуына орай "Тұлға рухына тағзым" атты тарихи-танымдық кеш өтті.
Кеш кітапхана қызметкері, айтыскер ақын Мейіржан Жақыповтың арнауымен бастау алды.
Тарихи кеште Асанбай Асқаровтай арда азаматпен қызметтес болған мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, ардагер Досыбай Шерімқұлов естелік айтып, драматург Мархабат Байғұт жазған "Асқаровтың аққайыңдары" атты драмада Асанбай Асқаровтың және жақындарының рөлін сомдаған Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері, мәдениет майталмандары Еркін Шымырқұлов, Жәмила Бекмурзаева, Гүлшат Еспай және Раушан Салова спектакльден үзінді ойнап, тұлға атын иеленген Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің "Асқаровтану" үйірмесінің жас Асқаровтанушылары әдеби композиция орындады.
Кеш жүргізушісі - Санат Еңсебекұлы.
#Әлфараби
#KITAPTIME