Кітапханамыздың «Ақерке» балалар залында «Оқитын отбасы – ұлт болашағы» жобасы аясында «Оқуға құштар жанұя» атты Бөрібековтер отбасымен кездесу кеші өтті.
Шара барысында Бөрібековтер отбасының қазыналы қариясы Таңсық апа өздерінің отбасылық кітап оқу әуестіктері, оқыған кітаптары және кітап оқудың пайдасы туралы керемет пікірлер айтып, отбасында әр жұма сайын оқыған кітаптарын талқылайтынын айта келіп, көпшілікті кітап оқуға шақырды. Отбасының үлкен келіні отбасындағы баланы кітап оқуға тарту дәстүрі жайлы өнегелі әңгіме өрбітті. Ал кішкентай бүлдіршін Айсезім өзі оқыған ертегілерінен үзініділер айтып, «Қошақаным» әнін орындап берді.