«Қазақтың хас батыры»
Кітапханамызда «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жобасы аясында Наурызбай батырдың туғанына – 200 жыл толуына орай «Қазақтың хас батыры» атты танымдық кеш өтті.
Кешке М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тілеуқұлов Гаухарбек Сейдуалыұлы, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Досыбай Нұрлыбек, Шымкент қаласы «GOLDEN KIDS» мектебінің тарих пәні мұғалімі Берік Ерғалиевтер қатысып, Наурызбай батырға қатысты тың деректермен бөлісті.
Шара барысында №86 жалпы орта мектебінің оқушылары Наурызбай батыр жайлы әдеби композиция оқып, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
#Әлфараби
#Наурызбай
#әдебикеш