«Қазақстандағы туризмнің бүгіні мен болашағы»
Кітапханамызда 29 қыркүйек - Халықаралық туризм күніне орай «Қазақстандағы туризмнің бүгіні мен болашағы» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.
Шараға Орталық Азия Инновациялық Университетінің «Қаржы, есеп және аудит және туризм» кафедрасының оқытушысы Д.Жұман, кітапханамыздың кітаптарды өңдеу секторының басшысы Г. Медеуова қатысып, Қазақстандағы туризм жайлы өз ойларымен бөлісті.
Арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, туризм туралы кітаптарға шолу жасалды.
#Әлфараби
#Туризм
#Кітапхана