"АЙТЫСТЫҢ АҚБЕРЕНІ"
Кітапханамыз қолға алған "Асылдың көзі..." жобасы аясында қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, айтысқа кешеуілдетіп келсе де "АЙТЫСТЫҢ АҚБЕРЕНІ" атанған Тәушен Әбуованың туғанына 90-жыл толуына орай ақынның артында қалған ұрпақтарымен, ізбасарларымен және көзін көрген замандастарымен "АЙТЫСТЫҢ АҚБЕРЕНІ" атты сыр-сұхбат кеш өтті.
Сыр-сұхбат кешіне ақын апамыздың ұл-қыздары, айтыстағы жолын жалғаушы айтыскерлер қауымы, замандастары, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахан, Отырар аудандық "Әдебиет және Өнер" бірлестігінің төрағасы, жазушы Сағындық Қыдыр, әнді жанына серік еткен Нышан Төлегенов ағаларымыз келіп, арнайы қатысты.
Жас айтыскерлер арасындағы "Күміс домбыра" иегері Даниал Болысбек пен облыстық оқушылар айтысының жеңімпазы Сұлтан Сәуірхан сахна төрінде айтыс жасап, көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.
Айтыскер ақындардан ҚР Мәдениет саласының үздігі Карима Оралова, Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің жазушылар одағының мүшесі Бөрібай Оразымбет, Нұрлан Есенқұлов, Мейіржан Жақыпов, Нұрғали Әнәпия кештің қадірлі қонағы болды.
Кеш модераторы - ф.ғ.к, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова.
#Әлфараби
#Айтыстыңақберені
#Асылдыңкөзі