Жаңалықтар

«Қазақ әліпбиінің реформаторы» тақырыбында коллаборация тәсілінде тарихи - тағылым кеші өтті

⚜️Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әліпбиінің реформаторы» тақырыбында коллаборация тәсілінде тарихи - тағылым кеші өтті.

⚜️Шымкент қалалық Қуыршақ және жасөспірімдер театры әртістері ақын, драматург А. Шаяхметтің «Ахмет» қойылымынан үзінді көрсетіп, кеш қонақтарының қошеметіне ие болды.

⚜️Шымкент қалалық әзіл – сықақ және сатира театры әртістері А. Байтұрсынұлы шығармаларынан монолог оқып, ақын рухына тағзым етті.

⚜️Ойлы жастар ақын шығармаларынан үзінді оқыды.

⚜️Тағылымы мол іс – шараға педагогтар, ғалымдар мен ойы озық саналы жастар қатысты

#Әлфараби

#Ұлтұстазы

#Ахмет