Жаңалықтар

“Кенесары - тұлға және саясаткер” атты тарихи экскурсия өткізілді

???? Халқын азаттық жолына бастап, тәуелсіз ел мұратын көздеген өз дәуірінің сұңғыла саясаткері, қолбасшы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толуына орай кітапханамызда “Кенесары - тұлға және саясаткер” атты тарихи экскурсия өткізілді.

⚜ Шара барысында Кенесары Қасымұлы туралы ақпараттар беріліп “Кенесары ұраны” атты бейне ролигі көрсетілді. Сонымен қатар № 80 IT мектеп - лицейінің оқушысы Барат Бекболат “Мен қазақпын”әнін шырқаса, бір топ оқырмандар “Кенесары монологынан” үзінділер оқыды.

⚜ Шара соңында экскурсияға қатысушылар Кенесары Қасымұлының өмір жолы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.