Танысыңыздар, жаңа кітап!
Танысыңыздар, жаңа кітап!
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры американдық патолог және когнитивті невролог Кэролайн Лифтің «Включи свой мозг», «Думай, учись, преуспевай» атты кітаптарымен толықты.
Біздің әрқайсымызда өзімізді қанағаттанарлық және бай өмір сүру үшін маңызды психологиялық ресурстар бар. Автор бұл кітаптарда біздегі жасырын потенциалымызды ашу үшін осы ресурстарды қалай пайдалану керектігін, миымыздағы ауыстырғыш құрылғының көмегімен, қалай бақытты және сау болуымызды көрсетеді.
Бұл кітаптар көпшілікке арналған, өйткені мектепте де, жұмыста да, өмірде де ойлану, ойды басқару арқылы, білім алып, табысқа жету, өмірден ләззат алуға, мақсаттарыңызға жетуге мүмкіндік ала аласыз.
Кітаптар орыс тілінде.
#Әлфараби
#Жаңакітап