Жаңалықтар

Американ жазушысы О. Генридің туылғанына – 160 жыл

????Американ жазушысы О. Генридің туылғанына – 160 жыл????

????«Үлкен қала дауысы» әңгімесі / Информ - дайджест /????

????О. Генри - көрнекті американдық жазушы, проза жазушысы. О.Генри (Уильям Сидни Портер) 1862 жылы 11 қыркүйекте Солтүстік Каролина штатындағы Гринсборо қаласында дүниеге келген. Үш жасында ол анасынан айырылған. Кейін тәтесінің қамқорлығында өсті. Жазушының өмірі өз шығармаларының кейіпкерлерімен ұқсас. Ол жазушы болғанға дейін фармацевт, ковбой, сызушы, кассир, әзіл – оспақ редакторы, репортер болған. О.Генри өзінің қысқа шығармашылық өмірінде 300-ге жуық роман жазған.

????Алғашқы әдеби шығармалары 1880 жылдары жазылған. О. Генри американдық әдебиетте "қысқа әңгіме" (қысқа әңгіме) жанрының шебері ретінде ерекше орын алған.

????Жазушы "Үлкен қала дауысы» шығармасында Нью – Йорк қала тұрғындарының өмірлерін, сан қилы тағдырларын, оқиғаларын тұрмыс тіршіліктерін қысқаша әңгімелеген.

????Шығарма кейіпкерлері — XIX және XX ғасырлар тоғысындағы "кішкентай американдықтар", қарапайым сатушылар, қызметшілер, қаңғыбас адамдар, авантюристер, бай ата-аналардың ұрпақтары т.б.

????Шығарма оқырманның назарын бірден аударады, қызығушылығын тудырады және әңгіменің соңына дейін шиеленісті ұстайды. Кітапта оптимизм, ирония және күтпеген финалы бар динамикалық сюжет көрсетілген.

#Әлфараби

#информдайджест