"Ата заң - ел тұтқасы"
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай кітапханамыздың "Қайырымды қала" залында "Ата заң - ел тұтқасы" атты танымдық кеш өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Ph.D Бекбосынов Ермек Төленұлы мен "Саясаттану" кафедрасының меңгерушісі, саясаткер Мажинбеков Сакен Аралбайұлы және “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы, заңгер Айжан Өмірзаққызы Кесебаева танымдық кештің арнайы қонақтары болып қайтты.
Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың және бүгінгі білім алып отырған жастарымыздың абыройлы борышы екендігі даусыз.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1208744563316310/
#Әлфараби
#Атазаңкүні