Жаңалықтар

"Фантаст ойдың шебері"

⚜Қаламыздағы «Белсенді ұзақ өмір орталығында» Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері, фантаст-жазушы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Сарманбай Исақтың 70 жасқа толуына орай "Фантаст ойдың шебері" атты әдеби шығармашылық кеш өткіздік.

⚜Сарманбай Исах ағамыз «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында таңдалған «Тұлдыр тағдыр» кітабы жайлы біршама мәліметтермен бөлісті. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері кітаптан үзінділер оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

⚜Кеш модераторы - кітапхана директорының орынбасары Асылзат Оспанқызы.

#әлфараби

#әдебикеш