Ермахан Шайхыұлы кітаптарын сыйға тартты
Көрнекті журналист-публицист, сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлы жолжазбалары мен қолжазбалары, әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған хат-хабарлары мен сыр-сұхбаттары, қысқа-нұсқа жазылған бір атарлары енгізілген кітаптарын сыйға тартты.
Кітапханамыздың қоры "Аққудың сыңары", "Жатыпатар", "Қоңырқажының күнделігі" атты авторлық кітаптарымен қоса Хосият Рустамның "Мен қазір осындамын" және Расулхан Абдрамановтың "Түркістандық тұлғалар" атты кітаптарымен толықты.
"Аннұр сапа" баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы, "Алтын қалам" сыйлығының лауреаты Ермахан Шайхыұлына шығармашылық табыс тілей отырып, зор алғыс білдіреміз!
#әлфараби
#жазушы
#сатирик