Жаңалықтар

Мұхтар Атабектің "Оңтүстік айнасы" атты кітабының тұсаукесері өтті

⚜️Кітапханамыздың "Қайырымды қала" залында көрнекті журналист Мұхтар Атабектің "Оңтүстік айнасы" атты кітабының тұсаукесері өтті.

⚜️Шараға қалалық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева, Ордабасы ауданы мәслихатының төрағасы Қосымбай Әбдіхалық, "Шымкент келбеті" газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан, "Оңтүстік" телеарнасының бас директоры Уәли Қыдыр мен туған-туыстары және әріптестері қатысты.

⚜️Шара барысында Мұхтар Атабек туралы әріптестері дайындаған бейнефильм көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері әдеби композиция оқыды.

#әлфараби

#журналистика