Жаңалықтар

«Биік тұлға Тұрар Рысқұловтың туғанына 95 жыл»

Құрметті оқырмандар!

Президенттің 2020 жылғы 10 қарашадағы №748 қаулысы бойынша «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын жаппай ақтау» туралы жарлығына сәйкес Әл-Фараби қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар секторы «Ақтаңдақтар ақиқаты» айдарымен отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдарда орын алған заңсыз жазалаудың құрбаны болған Алаш ақтаңгерлері туралы көне басылымдарда жарық көрген мақалаларды ұсынады. Кезектегі «Ақтаңдақтар ақиқаты» айдарында «Социалистік Қазақстан» газетінің 1989 жылғы 26 желтоқсан, №295 санында жарияланған тарих ғылымының докторы В.Григорьевтің «Биік тұлға Тұрар Рысқұловтың туғанына 95 жыл » мақаласын ұсынамыз.

Озбырлар дүниесіне қарсы шыққан тақыр кедей Рысқұл Жылқайдаровтың баласы Тұрардың өмір жолы қиын басталды. Адам намысын аяққа бастырмаймын деп болысты өлтірген әке ұсталады. Әкемен бірге түрме есігін ұлы да ашады.

Содан кейін өмір үшін, өмірден өзіне тиесілі сыбағаны алу үшін күрес кезеңі туады. Меркедегі үш жылдық орыс-қазақ мектебін, Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылық училищесін бітірген Тұрар Ташкенттің мұғалімдер институтына оқуға түседі. Алайда сол тұстағы тарихи оқиғалар оның тағдырын күрт өзгертеді: 1916 жылығ ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқаны үшін Тұрар Рысқұлов тұтқынға алынады. Ұзаққа созылмағанымен, бұл жолғы қамалу оның ревалюциялық күрес жолына саналы түрде түсуінің айғағы еді. Көп кешікпей оқу жөніндегі арманымен қоштасуға тура келді. Саяси қызметтің университеттері басталды. Ревалюцияның қатал таңдау-елегі қоғамдық қызмет сахнасын жолбике, кездейсоқ аталуының бәрін ысырып тастап, бұқара мүддесін таныта білетін, оны жүзеге асырып, қорғай алатындарды халық құрметінің бет-қаймағы етіп көтерді.

Іскер ұйымдастырушылық әрі басшы қасиетімен танылған, бұған қоса шешендік талантқа және теориялық қортындылар мен тұжырымдар жасай алатын публицистік қабілетке бай Тұрар Рысқұловты халық құрметі бірден биікке шығарды. Ешқандай көңіл күйге елікпейтін деректемеге көз салайықшы: 1917 жыл, Тұрар Рысқұлов Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағын құрады. Бұл ұйымның ықпалы төңіректегі ауылдарға таралады. Сонда 1917 жылдың қыркүйегінде ол өз тағдырын большевиктер партиясымен біржолата байланыстырады. 1918 жыл, Тұрар Рысқұлов – Әулиеата уездік Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1919 жылы ол Түркістан орталық атқару комитетнің мүшесі. 1920 жылды Тұрар Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитетінің Председателі қызметінде қарсы алады. Жасы 25 тен жаңа ғана асқан кез еді бұл.

1920 жыл біздің тарихи әдебитемізде айрықша жыл аталады. Ол шыныда да сондай болған еді – азамат соғысы жеңіспен аяқталды. Қызыл Армия Колчактың, Деникиннің, Юданичтың, Толстовтың, Врангелдің әсукерлерін күл-талқан етіп, ақ поляк басқыншыларды ел территориясынан қуып шықты. Түркістанда да ұлан ғайыр жеңістерге қол жетті. Каспий маңы ағылшындармен оларды жалдама ақ гвардияшыларынан тазартылды. Көтеріліске шыққан шаруалардың және оларға көмекке келген қызыл атты әскердің қысымымен озбырлық ордасы болып келген Хиуа хандығы Бұқар эмераты құлады.

Бойға шабыт берген осынау өзгерістердің бәрі Түркістан АССР партия, Совет басшылығымен едәуір бөлігінің арасында ултьраревалюциялық көңіл күйдің шынайы массаттанушылғын туғызды: оларға Гиндупуш шыңдары мен Ганганың жағалауларында да Қызыл ту желбіреп тұрғандай көрінді. 1920 жылдың қаңтарында Түркістан Компартиясының V конференциясы Т.Рысқұловтың баяндамасы бойынша өлкені Түрік Советтік Республикасы, ал оның партия ұйымын Түрік Коммунистік партиясы етіп қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұған Түркістан Шығыстағы дүниежүзілік революциялық базасына, ал республика комунистері Шығыстағы революциялық күштерін саяси-идеялық авангардына айналды деген дәлел келтірді. Мүмкіндікті асыра бағалау ма еді Әлбетте солай. Бұған ол кезде солшыл комунистік көзқарастарды серпіп тастаудың тәжірибесі әлі кемшін соғып жатқан Т. Рысқұловтың бір өзі ғана жол берсе екен ғой. Бірақ РКП(б( ның Орталық комитетінің, Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Советінің Түркістан жөніндегі комиссиясының мүшелері В.В. Куйбышевтің, Ф.И. Голощекиннің, Ш.З.Элиаваның ондай тәжірибесі бар емес пе еді. Олар да жоғарыда атаалған шешімді қолдады ғой. Келіспеген жалғыз Я.Э. Рудзутан болды. Ал, бір айдан соң Ташкентке келген М.В. Фрунзе тәтті қиялды аяусыз сейілтіп, комиссия мәжілісіндегі пікірталаста болмыстың қатал ақиқатын ескерту, дүниежүзілік революция дейтін көңіл күйден арылу қажеттігін дәлелдеп шықты. Конференция шешімі күшін жойды. Кейін 15 жылдан астам уақыт өткен соң біздің тарихи әдебиетте сол бір жаңсақ шешім үшін бүкіл жауапкершілік бір ғана Рысқұловқа жүктелдіде орталықтың өкілдері сыннан сырт қала берді. Мұның өзі орталықтағылар ешқашан және ештеңеде қателеспейді деген тұжырымды орнықтыру үшін жасалды.

1920 жылғы наурыз Түркістанның басшы тобындағы өткір пікір таластардың кезеңі болды. Талас барысында орталықтан келгендердің бір бөлігінің жергілікті ерекшеліктерді ескермеушілік ұмтылысы айқындалды. Бұған Т.Рысқұлов қарсы шықты. Айтыс кезінде көп мәселеде артық кетушілік кездесті. Түркістан жөніндегі комиссия мүшелерімен түсіністік таппаған Т.Рысқұлұлы В.И.Ленинмен кездесу үшін Москваға келеді. Ленинмен әңгіме ұзақ болады. Осы кездесудің әсеріненде, әлде жоқпа - ол жағын әлі айқындауды талап етеді. Т.Рысқұлов А.Байтұрсыновпен және шығыс қызметкерлерімен бірге В.И.Лениннің Комитеттерінің ІІ конгресіне арналған ұлттық орталық мәселе жөніндегі баяндамасының тезистеріне өз пікірлерін жазады. 1920 жылы 5 маусымда В.И.Ленинннің елдің орталық аппаратындағы жетекші қызметкерлердің үлкен тобынан. Башқұрстанның, Түркістан мен Қазақстанның қызметкерлерімен өздерінің пікірін арнайы жазып берудің сұрағына қарамастан, кейінірек инициативі да Тұрарға айып ретінде тағылды. Ал көсемнің өзі өтініш жасағандығы В.И.Ленин шығармаларының бесінші басылымын құрастырушылар анықтамасында (41 том) көрсетілген. Москвадан Ташкентке оралғаннан кейінде Т.Рысқұлов Түркістан жөніндегі комиссияның бір қатар мүшелерімен бірге жұмыс істесе алмадыда, өзі атқарған барлық қызметтерден кететінін мәлімдеді. Онымен бірге Түрукістан Компартиясы Орталық Комитетінің көпшілік мүшелері кетті. Пайда болған елеулі дағдарысты уақытша Орталық комитет жүру арқылы тоқтату мүмкін болды. Міне нақ сол кезде Т.Рысқұлов қарсыластарының бірі оны ұлттық ауытқушы деп кінәләді. Бұған дейінде бұдан кейінде Т.Рысқұловтың бүкіл әрекетінде ондай пиғыл болмағанына қарамастан жаңағы таңба үздік уақыт сақталып қалды. Дағдарыстың ұйымдық тұрғыда жою мәселені шеше алмағанын еске сала кетейік. Осы оқиғадан кейінгі 1 жыл ішінде Түркістан комиссиясының құрамын 4 рет өзгереді және Т.Рысқұловты Ташкенттегі басшы қызметіне қайтаруы туралы мәселе әрдайым қойылып отырған. 1920 жылдың күзінен Москвада, РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында жұмыс істеген Т.Рысқұловтың іскерлік қасиеттері партияның Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Советінде жақсы бағаланады. Сол тұста болған Шығыс халықтарының Бакудегі съезінде сөз сөйлеу тапсырылады. Бұл сөз көпшіліктің көңілінен шығып, жақсы қабылданады. Партияның тапсыруы бойынша Азербайжанда бірнеше ай жұмыс істейді және азербайжан коммунистерінің көрсеткен сенімі ретінде Баку партия ұйымының атынан РКП (б) Х съезіне қатысады.

Бакуден кейін ол Москвада бір жылдан астам уақыт РСФСР ұлт істері жөніндегі халық камиссары Сталиннің орынбасары болып жұмыс істейді де, 1922 жылғы қыркүйекте РКП(б) Орталық Комитетінің ұсынысы бойынша және Түркістан Компартиясы Орталық Комитетнің келісімімен Ортаазиялық бюроның құрамына енгізіледі және көп кешікпей Түркістан республикасының үкімет басшысы болып бекітіледі. Осынау жауапты қызметті Т.Рысқұлов бір жарым жылдай атқарды, сол кезең тұрғысынан бұл аз уақыт емес еді.

1923 жылдың жазында партияның Орталық Комитеті ұлт қызметкерлерімен өткізген ІV кеңеске шақырылған Т.Рысқұлов И.В.Сталиннің ұлт саясатының проблемаларын шешудегі лениндік бағыттан күрт ауытқығанын алғаш рет сезінді. Пантүркістік қызмет жүргізді деген жаламен айыпталған көрнекті татар коммунисі Сұлтанғалиевтің қайғылы тағдыры Сталинге ашық қарсы тұрудың пайдасыз екенін көрсетіп берді. Лениндік көзқарасқа адалдықты сақтаудың өз нұсқасын іздеу қажет болды.

Т.Рысқұлов, менімше, сол нұсқаны тапты да. Бұл оның бойдағы күш-жігерін эканомика мен мәдениеттің түбірлі проблемаларын шешуге, жан-жақты публицистік қызметке жұмылдыруынан көрінді. Айта кетелік, оның қызметінің осы соңғы қыры әзірше жете зертелмей қалуда. Коминтеріннің уәкілі ретінде келген Монғолиядан жолданған хаттарында-ақ ол өзінің публицистік айшықты қабілетін танытты. Улан-Батордан кейін Т.Рысқұлов сәл уақыт Қазақстанда жұмыс істеді. Бірақ Ф.И.Голощекинмен арадағы ескі келіспеушіліктері тез-ақ жаңғырып шыға келді. Көп кешікпей Т.Рысқұлов Москваға шақыртылып , РСФСР Халық Комиссарлары Советі Председателінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ел астанасында жүрсе де Тұрар Рысқұлов Қазақстанмен байланысын үзбеді. Ол Түркісіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің председателі болды, республикада кооператив қозғалысын қолдау жөнінде зор жұмыс өрістетті. Және мұның өзі Сталин кооперацияны тоқтату бағдарына түскен жағдайда атқарылды. Еңбек адамын елді өзгерту механизмінің кішкентай бұрандасына айналдыру тұрғысындағы сталиндік бағытқа қарамастан ол тұрғын үй, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік проблемаларды шешуге көп күш жұмсады.

Қазақстандағы коллективтендіру барысында Голощекиннің кесірінен жол берілген асыра сілтеу мен бұрмалауларға қарсы батыл күресіп, колхоздастыру мен отырықшыландыру ісіндегі өрескел қателіктердің зардабын жою жөнінен ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің жаңа секретары (1933 жылғы қаңтардан) Л.И.Мирзоянға жағдай туғызуын оның өмірлік басты ерлігі деп білемін. Тұрар Рысқұлов өмірінен жазылған көркем туындылардың, оның Сталинге хатының баспасөзде жариялануының арқасында қызметінің бұл жағы жұртшылыққа жақсы танымал. Алайда нақ сол шарадан кейін Т.Рысқұловтың үстінен орталықта да, республикада да жалған айыптаулар тасқындай бастап, оның соңы 1937 жылдың мамырында нақақ репрессиялануына ұласты.

Ал содан соң ұзақ жылдар бойы үнсіздік пен жала жабушылық орын алды. Тіпті 70-ші жылдары Орта Азия тарихшыларының бірқатар жарияланымдарында жөнсіз күйлеуқайта жанданды. Мұның өзі Тұрар Рысқұлов атына еш негізсіз тағылған ұлттық ауытқушы таңбасының сақталуын көздейтіндер әлі де бар екенін көрсетсе керек 1935-36 жылдары мұндай айыппен Тұрардың өзі де ішінара келіскені рас. Бірақ сол «келісушілікке» оның мәжбүр болғанын бүгінде бәріміз де түсінетін болдық емес пе. Жалынды большевиктің есімін жала мен күйеден толық тазартып, оны КПСС ХХ съезі бастап берген ақтауды аяқтайтын уақыт жетті.

Революциялық қайта құруға қатысушы біздер үшін, В.И.Лениннің сөзімен айтқанда, ескі дүниені қирату ісін бастаубақытына ие болып, социализмнің негіздерін орнықтыру үлесіне тигендердің биік тұлғасы мен қызметін тарихымызда толық көлемінде қалпына келтіру айрықша маңызды. Солардың арасында республикадағы жалпы Советтік Шығыстағы социалистік құрылыстың із-ашары әрі тұңғыш қадасын қағушылардың бірі Тұрар Рысқұловтың – революция қызыл қыранының есімі де бар.

«Социалистік Қазақстан» №295. 26 желтоқсан 1989 жыл.

Мақала тақырыбы: Биік тұлға

Тұрар Рысқұловтың туғанына 95 жыл

Авторы: В.Григорьев, тарих ғылымының докторы.