ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Бекназаров, А.Қапбаровамен кездесу кеші өтті
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, еркін форматта пікір алмасты.
Іс-шарада БАҚ туралы заң жобасы, журналистердің мәртебесі, мерзімді басылымдарды субсидиялау, кадр тапшылығы мәселелері талқыға түсті.
Сенатор А.Қапбарова бүгінде БАҚ туралы заң жобасы талқыланып жатқанын, бұл орайда түрлі ұсыныстар бар екенін атап өтті.
Жаңа Қазақстанды, әділетті қоғамды құруда БАҚ өкілдері белсенді жұмыс атқарып келеді. Сенат депутаты Н.Бекназаров қоғамның дамуында БАҚ-тың алар орны ерекше екенін, бұл ретте бірлесе жұмыс істеу қажеттігі жайында сөз қозғалды.
#әлфараби
#журналист
#оңтүстіктв