Танысыңыз, жаңа кітаптар!
Танысыңыз, жаңа кітаптар!

Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері, ақын Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, кітаптарын тарту етті.
Автордың кітап қорына тарту еткен «Қоршаса ойлар...», «Жыр жолымен», «Шақырса шабыт» атты кітаптарында табиғат суреттері мен азаматтық әуен астасып жатыр.
Кітапқа енген өлеңдерінің көпшілігі кезінде «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Простор», «ТаңШолпан», Ана тілі» тағы басқа да басылымдарда жарық көріп, талғамы биік, ойлы оқырманның жылы ықыласына бөленген.
«Қоршаса ойлар...», «Жыр жолымен» кітаптарындағы өлеңдері орыс, түрік, татар, башқұрт тілдеріне аударылып, Қазақстан және басқа елдер басылымдарында жарық көрген. Автордың сөзіне жазылған көптеген әндерді белгілі әншілер орындап жүр.
#кітапхана
#әлфараби
#жаңакітап