Мәдениет саласындағы ардагер кітапхана басшыларымен жүздесу
Қасиетті кітапханамызда саналы ғұмырын кітапханаға арнаған, адалдықтың ақ жүгін арқалаған ардагер кітапханашыларымызбен жүздесу кеші өтті.
Жазушы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, талай жылдар облыстық мәдениет басқармасында және кітапханамызда басшылық қызмет атқарған Күлия Айдарбекова апайымыз, Мәдениет саласының үздігі, кітапхана ісінің ардагерлері Дінәсілова Шәрбану, Парымбекова Зәкира, Алшабаева Перизат, Қазақстанның Құрметті кітапханашысы төсбелгісінің иегері Тұранбаева Ұлбике апайларымыз арнайы қатысты.
Кеш модераторы - көрнекті айтыс ақыны, кітапханамыздың басшысы Анар Абусайылқызы.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/319030007052763/
#кітапхана
#Әлфараби