Жаңалықтар

«1 жыл, 11 ай, 3 күн»

????️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Ермұханбет Қуандықтың «1 жыл, 11 ай, 3 күн» кітабының тұсаукесері өтті.

????️Кешке тариx ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры Әлібек Сейдехан, Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисті, ҚР "Мәдениет қайраткері", "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Үралхан Сейілбекова, ф.ғ.к., доцент, ҚР оқу ісінің үздігі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Созақ ауданының құрметті азаматы, әдебиеттанушы ғалым Нариман Нұрпейісов, Шымкент Университеті «Филология» кафедрасының меңгерушісі, ф,ғ,к., доцент, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Зылиха Жантасова, Желтоқсан «Республикалық халықтық-отаршылдық қозғалысының мүшелері, желтоқсаншылар Сәбит Исабев, Рахима Өтебаева және т.б., «Аналар» республикалық қоғамдық журналының бас редакторы Ажар Момбек, Саяси қуғын–сүргін құрбандары мұражайының директоры Мәрия Келесқызы, Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Руханият бөлімінің» меңгерушісі Дилара Бименова, жас күйші Абылайхан Нұрқұл және ОҚМПУ-нің студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.