«Жүсіпбек Шайхысламұлының әдеби мұрасы»
Әл - Фараби кітапханасында ақын, аудармашы, қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, насихаттаушы, жыршы Жүсіпбек Шайхысламұлының - 165 жылдығына «Жүсіпбек Шайхысламұлының әдеби мұрасы» тақырыбында рухани кеш өтті.
Рухани кешке Жүсіпбек Шайхысламұлының мұрасын жинақтап, дәріптеуші Сейт-Омар Саттаров және ақынның ұрпақтары қатысты.
Қазақ фольклорын жинақтаушы, қазақтың тұңғыш баспагері Жүсіпбек Шайхысламұлының өмір жолы жайлы айтылып, шығармаларынан үзінділер оқылды.
Кітапхана қоры Майлықожа, Мәделіқожа, Жүсіпбек Шайхысламұлының мұраларын жинақтаушы Сейт-Омар Саттаров сыйлаған Мәделі - Майлықожа жайлы құнды дүниелермен толықтырылды.
#кітапхана
#әлфараби