"Ғаламтордағы махаббат"
Бүгін кітапханамызда көрнекті журналист, "Қазақ әдебиеті" газеті редакторының бірінші орынбасары, жазушы Сәкен Сыбанбайдың "Ғаламтордағы махаббат" кітабы бойынша әдеби талқылау өтті.
Алқалы отырысымызға ҚР Журналисттер Одағының және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Көшербай Еділбай, ардагер ұстаз Тілеуқабылова Мамыркүл және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіндегі "АЛҚА" әдеби бірлестігі арнайы қатысты.
Қаламгердің қаламынан туған көлемді әңгімелеріне "АЛҚА" әдеби бірлестігінің басшысы Ешімов Тұрсынбай әдеби талдау жасаса, Сәтбаева Әйкен мен Қалыбай Балнұр баяндама оқыды. Елубек Ақбота, Шарап Арайлым және Сайлауқызы Нұризат туындыгер туындыларынан үзінділер келтірді.
Тұрақты оқырмандарымыз Рүстем Аделья мен Тұрар Ботагөз және "Оқу залының" кітапханашысы Қайықбаева Гүлмайра оқырмандық ой-пікірін ортаға салды. Модератор - Санат Еңсебекұлы.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/973625986662614/
#кітапхана
#әлфараби