Жаңалықтар

"Қазақтың заңғар жазушысы"

????Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай кітапханамызда "Қазақтың заңғар жазушысы" атты тақырыпта әдеби кеш өтті.

➡️Әдеби кешке Әлия Естемирова ұстаз бен аудандық мектеп кітапханашылары, Сайрам ауданы №29 К.Тленшин атындағы жоғары орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әбдікарим Бақтыкул Илиясқызы оқушыларымен келіп қатысты.

➡️Кеш барысында заңғар жазушының нақыл сөздері оқылды. Ұлтымызға қалдырған асыл өсиетін ұрпаққа жеткізу оң іс.

➡️"Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек"

Мұхтар Әуезов.

#кітапхана

#әдебикеш

#әлфараби