"Алаштың ардақтысы"
2022 жыл Мерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінде студенттерге 3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз күніне орай "Алаштың ардақтысы" тақырыбында дипломат, шығыстанушы, саясаткер, журналист, елші, аудармашы, тілші, мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Н.Төреқұловтың туғанына -
130 жылдығына арналған танымдық сағат өтті.
Шара барысында Н.Төреқұловтың өмірбаяны мен қызмет жолдары таныстырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шараға осы мекеменің техникалық бағытында оқып жүрген 3-курс студенттері атсалысып, Н.Төреқұловтың жазған еңбектерінен үзінді оқыды. Сонымен қатар ұлы қоғам қайраткері мен жазушылардың Нәзір жайлы айтқан пікірлеріне тоқталды.
Мекеменің кітапхана меңгерушісі К.Султанбекова қорытынды сөзінде алғыс білдірді.
#кітапхана
#әлфараби