Жаңалықтар

"Раушангүл" кітабының таныстырылым кеші өтті

????Кеше кітапханамызда жазушы, қаламгер Гүлжан Амангелдіқызының тұңғышы "Раушангүл" кітабының таныстырылым кеші өтті.

????Келелі кешті драматург Сая Қасымбек өзі жүргізді. Алғы сөзімен әдеби кешті басшымыз Анар Абусайылқызы ашып берді. Қоғам қайраткері, көрнекті ұстаз Өмір Шыныбекұлы, ақындарымыз Бақытжан Алдияр, Дәурен Айманбет, зерттеуші, педагог Қарлығаш Жылқыбайқызы қаламгердің шығармашылығы жайлы ой қозғады.

Кітапханшыларымыз Сәуле Мұхиқызы кешті әнмен әрлесе, Қарқара Рахимбаева, Айдынай Тәліп, Санат Еңсебекұлы жазушы шығармаларынан үзінді оқыды.

????ОҚМПУ студенттері, "Алқа" әдеби бірлестігінің мүшелері туындыгердің тұңғыш туындысын талдап, оқырман ойын білдірді.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1889228004799248/