"ТАУПІСТЕЛІ ТАҒЫЛЫМЫ: БОЗАРЫҚТАН БОЗТОҒАЙҒА"
Тарихи Облыстық Тарихи - өлкетану музейінің бастамасамымен "ТАУПІСТЕЛІ ТАҒЫЛЫМЫ: БОЗАРЫҚТАН БОЗТОҒАЙҒА" сапарын "Бозарық биігінен" бастадық. Музей басшысы Ақмарал Асанқызы сапар барысындағы жоспарымыз бен мақсатымызды баяндады. Жазушы, "Барыс" орденінің иегері Мархабат Ата Байғұт бастаманың болашағы мен өткеніне шолу жасап өтті. Хан қызындай Ханбибі апамыз сәт сапар тілеп, ақ тілегін білдірді. Қызылорда қаласынан келген қадірлі қонағымыз, тыл еңбек ері Әбдірахман атамыз құран бағыштап, қабырғалы ақын, редактор, "Парасат" орденінің иегері Нармахан Ата Бегалыұлы бата берді.
#кітапхана
#өлкетану