«Алаштың ардақтысы»
Әл - Фараби атындағы ғылыми–әмбебап кітапханасы мен Шымкент қалалық саяси қуғын–сүргін құрбандары музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, шығыстанушы, саясаткер, алаштың асыл перзенті Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы» атты шара өтті.
ОҚМПУ – нің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімінің басшысы, т.ғ.к, доцент Анарбаев Қайрат Сапарханұлы жүргізді. Шараны кітапханамыздың директоры Анар Абусайылқызы ашып, ҚР Мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директор орынбасары, алаштанушы Серікбаева Гулмира Алдоңғарқызы «Тағдырлы тұлға» атты баяндама жасап, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қор сақтаушысы, алаштанушы Әбдіқали Біржан Нәзір Төреқұлов жайлы фотоқұжаттық көрмені таныстырды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің аға оқытушысы, ғалым, PhD докторы Гаухар Батырбекқызы, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ералиев Берік Жарылқасынұлы қоғам қайраткері жайлы ой қозғады.
Шараға қаламыздағы №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері мен №78 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысып, Нәзір Төреқұлов жайлы көп мағлұматтарға қанық болғаны жөнінде ой-пікірлерін білдірді.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1424186691361871/