Кітапханамызда 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты еске алу кеші өтті. Іс - шара барысында Отан үшін от кешіп, қайсарлықпен шайқасқан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерліктерін үлгі ету мақсатында бейнеролик көрсетіліп, оқырмандар жыр шумақтарын арнап, соғыс жылдарындағы әндер орындалды.
Шараны кітапхана директорының орынбасары Г.Батырбайқызы қорытындылап, жастарды жастарды елі үшін, жері үшін жанын беретін намысшыл, өр рухты болуға шақыра отырып, өз ойымен бөлісті.