«ЖАН АНА»
Тұңғыш рет оқырмандарымен кездескен ақын
Бүгін кітапханамызда Төле би ауданының тумасы, ақын Фарида Жасұзақованың «ЖАН АНА» атты тақырыптағы әдеби шығармашылық кеші өтті. Ақынның тұңғыш рет оқырмандарымен жүздесуіне мұрындық болған Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек пен кітапханамыздың басшысы,филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Анар Жаппаркулова.
Кеш модераторы Сая Қасымбек алғысөзді Анар ханымға берді. Өз кезегінде кітапхана басшысы құрметті қонағымызға естелікке кітап тарту етті.
Кеш барысында ОҚМПУ студенттері ақын өлеңдерінен әдеби композиция оқып, "Алақай" өнер мектебінің оқушылары әуезді ән шашу сыйласа, ТМД елдерінің ең үздік студенті Арман Ғабитұлы күмбезді күйді күмбірлетті.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/399063518707322/
#кітапхана
#әдебикеш