Жаңалықтар

«Өлеңім-өмірімнің айнасы»

????Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай кітапханамызда «Өлеңім-өмірімнің айнасы» атты әдеби сазды кеш өтті.

????Кешті кітапхана директоры А.Жаппаркулова ашып, оқырмандар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, Түркістан сарайының әншілері әндерін орындап, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актерлары "Отырар" дастанынан қойылым қойды.

???? Шараға ОҚМПУ-нің студенттері , №78 жалпы орта білім беретін мектеп, №90 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

????Кеш соңында оқырмандар арнайы жасалған кітап көрмесімен танысты.

#кітапхана

#әдебикеш