Жаңалықтар

КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ

????КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ????

➡️Бұл кітап жас қаламгер, журналист, «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері Гүлжан Амангелдіқызының «Раушангүл» атты төл туындысы.

➡️Автордың жеке жинағына облыстық және республикалық мерзімді басылымдарда басылған, ұжымдық жинақтарға енген әңгімелерімен қатар, сиясы кеппеген жаңа туындылары да топтастырылған.

➡️Әңгімелері мен новеллаларында ауыл өмірі, балалық шақтағы мөлдір махаббат, жастар арасындағы сезім сыры және ел ішіндегі әлеуметтік көңіл-күй қырларын суреттейді.

➡️Кітап көпшілік оқырманға арналған.

➡️Кітапты ҚР Мәдениет қайраткері, театр режиссері, драматург Сая Қасымбек кітапханамыздың басшысына келіп, өз қолымен табыс етті.

#кітапхана

#жаңакітап