Жаңалықтар

Мархабат мақамдары

Киелі кітапханамызда жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

«Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, «Барыс» орденінің иегері, Мархабат Байғұттың шығармаларынан Ақмарал Асанқызы құрастырып шығарған қысқаша үзінді-қайырымдар жинағының таныстырылым кеші өтті.

➡️Кеш алғысөзі Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нармахан Бегалыұлына берілді.

➡️Кешке қатысушы құрметті қонақтар тізімін ақын , "Барыс", "Парасат" ордендерінің иегері, хан қызындай Ханбибі апамыз, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қабылбек Төретай ағамыз және тағы да көптеген зиялы қауым өкілдері жалғады.

➡️Мархабаттанушы, жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Этнодизайнер» мамандығының студенті Анарбай Жамал өз пікірін ортаға салды.

➡️Кеш барысында кітапхана қызметкері Сәуле мұхиқызы мен Түркістан сарайының дәстүрлі әншісі Мақсат Базарханұлы әуезді әнін әуелетсе, білім ордасының қара шаңырағы саналатын ОҚМПУ студенттері "Мархабат мақамдарынан" үзінді оқыды.

➡️Кешке қатысқан бір топ кітапхана қызметінің ардагер басшыларына Ақмарал Асанқызы арнайы әкелген кітаптарын табыстады.

➡️Кеш модераторы: кітапханамыздың басшысы, айтыскер ақын Анар Абусайылқызы Жаппаркулова.

#кітапхана

#әдебикеш