Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы А.С. Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде 7 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Көңілді старт»
спорттық сайысын ұйымдастырды.
Шара барысында қатысушылар үш топқа бөлініп, әр түрлі эстафеталық сайыстарға қатысты. Атап айтар болсақ, кедергілерді айналып өту, секірмекпен секіру, доппен, қаппен жүгіру және ракеткамен сайысқа түсті.
Балаларға денсаулық және кітапханамыз туралы біраз мәліметтер берілді. Жеңімпаз топ пен белсенді қатысушыларға диплом берілсе, мұғалімдер алғыс хатпен марапатталды.