Жаңалықтар

"Кітаппен мен көркейем

????2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасы "Ақерке" балалар залында "Кітаппен мен көркейем" атты кітап бульвары ұйымдастырылды.

????Іс-шараға қаладағы №90 мектеп-гимназия оқушылары белсенді қатысып кітап туралы құнды мәліметтермен танысты.

????️Балалар әдебиетінен ұйымдастырылған викториналық сұрақтарға жарыса жауап берген оқушылар кітапқа деген ынтасы жоғары екендігін байқатты.

????️Шара барысы экскурсиялық саяхатқа ұласты. Экскурсияның мақсаты - балаларды Әл-Фараби бабамыздың мұрасымен таныстырып, кітап оқуға деген зейіндерін ашу.

#кітапхана

#балалар