Жаңалықтар

«Талғамы биік суреткер»

????«Талғамы биік суреткер»????

????️Кітапхананың өнер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші, мүсінші Насыр Рүстемовтың 75 жылдық мерейтойына орай «Талғамы биік суреткер» атты көрме-экспозициясынын оқырмандар назарына ұсынды.

????️Балалық шағынан қасиетті өнерге құштар Н.Рүстемов 3-сыныпқа дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында білім алады, содан соң Шымкент қаласына көшіп, орта мектепті қалада тәмамдайды.

????️Әскери борышын өтеген соң, Ташкенттегі Бенькова атындағы көркемөнер 4 жылдық білім ордасын бітіріп, 1974 жылы Суриков атындағы Мәскеу көркемөнер институтының монументалист-мүсінші мамандығы бойынша оқуға түседі.

????️Институтты бітіргеннен бастап бүгінге дейін туған жеріне, туған еліне адал қызмет етіп келеді.

Қазіргі таңда талантты мүсінші Насыр Рүстемовтың қолынан шыққан жұмыстар саны 70 тен асады.

????️ Автордың ірі жұмыстарының бірі Шымкент қаласындағы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи–монументалды саябақ кешені, осы еңбегі үшін ол 2014 жылы ҚР әдебиет және өнер саласында мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

????️Н. Рүстемовтың тағы бір еңбегі қаладағы Ордабасы алаңында орналасқан 24 метрлік әйел бейнесіндегі «Жер-ана» стелласы халықтардың бірлігін бейнелеп тұр.

????️Тараз қаласында автордың қатысуымен 12 ескерткіш орнатылған. Солардың бірі Мұхаммед-Хайдар Дулати атындағы институттың мозаикалық паннос. Түркістан қаласындағы Бекзат

????️Саттархановтың ескерткіші мен Абайға, Тұрар Рысқұловқа, Бауыржан Момышұлына, Ахмет Байтұрсұновқа қойылған ескерткіштердің авторы.

#кітапхана

#өнер