«Біз төр еліненбіз» атты кітабының тұсаукесері өтт
Мерекеге толы көктем мезгілінде кітапханамыздың «Қайырымды қала» залында ардагер ұстаз, қаламгер, тарихшы Жақсылық Сыдықбайұлының «ОРДАБАСЫ» баспасынан жарық көрген тарихи танымдық «Біз төр еліненбіз» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Туындыгер түркі халықтарының бастан кешкен оқиғаларына, олардың өніп-өрбу жолына, даму мәдениетіне шолу жасап, тарихқа жаңа таныммен қарауға үндейді. Бүгінгі ұрпақтың өз негізін тануына қосар үлесі мол бұл кітаптың қазіргі тарихымызға байланысты қызықты деректері де баршылық.
Кеш модераторы - К.Симонов атындағы сыйлықтың, "Алаш" әдеби сыйлығының, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Нармахан Бегалыұлы.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/336742758245419/
#кітапхана
#тұсаукесер