Жаңалықтар

"Отбасым - мейірім аясы"

????️"Үлкен ел - үлкен отбасы" жалпыұлттық жобасы аясында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп - интернатында Есенғали Тұрламбаевтың жанұясының қатысуымен "Отбасым - мейірім аясы" атты отбасылық оқу өтті.

????Іс-шарада кітаптың адам баласы үшін рухани жан азығы туралы айтыла келе, отбасында баланы кітап оқуға баулудың қыр - сыры кеңінен айтылды. Ертегі мен жұмбақ айтуда үлгі болған балаларға алғыс хаттар берілді.

????Өнегелі отбасы мүшелерінің көркем әдебиетке баулитын мазмұнды әңгімелерінен соң кітапхана қызметкерлері әсем әндерін тарту етті.

#кітапхана

#жаназығы