Жаңалықтар

2022 жыл - Ахмет Байтұрсынұлы жылы

????2022 жыл - Ахмет Байтұрсынұлы жылы

➡️"Бір ел - бір кітап" акциясы

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақтың ақыны, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына- 150 жыл толуына орай "Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының рухани көсемі" атты әдеби - шығармашылық кеш өтті.

➡️Әдеби шығармашылық кештің мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқырмандарға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

➡️Кешке N 62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, "Мың бала" бастауыш мектебінің оқушылары, Түркістан жоғары көп салалы аграрлық колледжінің студенттері қатысып, ақын өлеңдерін жатқа айтып, мысалдарынан үзінділер қойды.

➡️Кеш соңында шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

#кітапхана

#әдебикеш