21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні
21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні
Поэзия кешінің мақсаты:
Қазақтың біртуар ақын- жазушыларының өмірі мен
шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өз шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдеби тілінің қасиетті екенін ұғындыру.
Кешіміздің қонақтары тұрақты оқырманымыз ақын апамыз Күләш Мағауияқызы сөз сөйлеп, жастарға өлеңдерін оқып берді. Шараға 131, 13 Мукими атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысып, қазақтың біртуар ақындарының өлеңдерін жатқа айтты. 46 мектеп-гимназиясының оқушысы Сағатбек Ерсұлтан домбырамен күй орындаса, Мұхамедияр Кәусар "Қазақ салты" әнін нақышына келтіріп орындады.
Кеш соңында шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.
#кітапхана
#поэзия
#әдебикеш