Жаңалықтар

"Игілік" журналымен таныс болыңыздар

⚜Республикалық жанұялық басылым болып табылатын "Игілік" журналымен таныс болыңыздар.⚜ #booktrailer

????Игілікті істерді насихаттайтын қазақ баспасөздерінің бірі ретінде үлкен көшке ілескен бұл басылым- отан сүйгіш жастардың рухын шыңдап, игілікті істерді мол жасауға шақырады.

Өз халқына, жалпы адам баласына жасаған игіліктердің жемісі мен жеңісін көріп, рухани ләззат алып, баршаға үлгі болуға шақырады.

↘️Айшықты айдарларымен берілген мазмұны мәнді шығармаларымен құнды болған "Игілік" журналын оқу орындарында тәрбие жүйесіне жан-жақты пайдалануға әбден болады.

⬇️Асқақ адамгершілік пен ізгі ниетке, ғылым мен білімге, мәдениет пен өнерге жетелейтін "Игілік" журналы оқырманға қалтқысыз қызмет етіп, тәлім- тәрбиесі мол істердің бас- қасында болып, ұлттық болмысымыздың қайнар көзі, парасаттылық пен тектіліктің бастауы - отбасынан басталатындығын насихаттап, ел үшін қызмет ететін азаматтардың игілікке толы істер мен игі жетістіктерінен ләззат алуға үндейді.

#кітапхана

#booktrailer

#игілік