"Аялайық ананы"
Кітапханамыздың "Ақерке" балалар залында "Аялайық ананы" атты әдеби көркемдік іс-шара өтті. Іс-шараға құрметті зейнеткер Тілеуқабылова Мамыркүл Елемесқызы мен Абай аудандық "Әжелер" ұйымының төрайымы Хамитбекова Бибіпатима Сұлтанбекқызы қатысты. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншісі Сәбит Мұқанов ән шырқады. Сонымен қатар іс-шараға Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары қатысып, ана туралы жыр оқып, өз аналарына гүл сыйлады 
#кітапхана
#аялайықананы