Қазақтың көрнекті ақын қызы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, "Құрмет" орденінің иегері Баян Қадірбайқызы Бекетовамен "Ақ періште әлемі" атты кездесу кеші өтті.
Осы кештің аясында Қазақстан ұлттық арнасының "Келбет" бағдарламасы түсірілді.
Елге танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқап, елді тәнті етті.
Хан қызындай Ханбибі Есенқарақызы туған елге сапарлата келген ақынның "Шолпы" атты жыр жинағының тұсауын кесті.
Кеш тізгінін кітапханамыздың басшысы Анар Абусайылқызы басқарды.